БАҚ: Атамбаев ұсталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Кой-Таштан күштік құрылымдармен шығарылды деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаға akipress.org.

Алайда аталмыш ақпараттың әлі расталмағаны хабарлануда.

Sputnik Қырғызстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, экс-президент Бішкекке қарауылшы жасақпен бірге әкеліне жатыр.

24.kg басылымы Атамбаевтың ұзақ келіссөздерден кейін өз еркімен берілгенін хабарлады. Оның жанында ҚСДП-ның ресми өкілі Құндыз Жолдубаева мен Фарид Ниязов бар.

Алайда, жақтастары бұрынғы президентті алып келе жатқан көлікті шығарғысы келмеуде, атыстардың даусы естілді деп жазады сайт.

Еске сала кетейік, бұған дейін арнайы жасақ Атамбаевтың үйіне қайта шабуылды бастағаны хабарланған.

Тағы да оқыңыздар

Пікір