Ресейде ел алдына шыққан Түркіменстан президенті лимузин сатып алды

Түркіменстанда 12 тамызда Каспий экономикалық форумы басталды. Үлкен жиында соңғы уақыттары көзден таса болып, желіде "денсаулығы күрт нашарлады" деген ақпар тараған Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халық алдына шықты деп жазады Centralasian.org.

Форумға Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Иран елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысуда. Олар Мәскеу мен Тегеран америкалық санкциялар аясындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылап жатыр.

Әзірге айтарлықтай келісім-шартты Түркіменстан президенті жасады. Ол ресейлік "Аурус" лимузиндерін сатып алуға шешім қабылдаған.

Бұл көліктерді жасап шығару үшін Ресей соңғы жеті жылда бюджеттен 200 миллион доллар бөлген.

"Аурус" көлігі былтыр бірінші рет Владимир Путиннің инаугурациясында қолданылды. Кейін әрқайсысын 280 мың доллардан сатуға шығарды.

Форум кезінде Гурбангулы Бердімұхамедов лимузиннің ақ түсін әрі көліктің бағасын да ұнатқанын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір