Атамбаевқа қасақана кісі өлтірді және аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа жаңа айып тағылуда. Саясаткер арнайы жасақтың сарбазын қасақана өлтірді, кепілге алып, тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді деп жазады АКИpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Республиканың Бас прокуратурасының хабарлауынша, экс-президентке бірнеше аса ауыр қылмыс жасады деген күдік туралы хабарлама жіберілген.

Атамбаев туралы іске жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық қолданды, оларды кепілде ұстады, адам өлтіруге оқталды деген күдіктер қосылды.

Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев эс-президентті арнайы жасақ сарбазын қасақана өлтірді деп айыптады.

"Бұл жай ғана кісі өлтіру болды! Тергеу оны анықтайтынына сенімдімін", - деді ол.

Еске сала кетсек, 27 маусымда Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылған. Бұрынғы Қырғызстанның басшысы осы мәселеге қатысты шағым түсірген.

Оны бірнеше рет сотқа шақырған. Ал шілденің соңында тергеушілер атышулы қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты жауап алу үшін Атамбаевтың резиденциясына барған. Бірақ оларды ішке кіргізбеген.

7 шілдеде Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланды.

Арнайы жасақ оның Қой-Таштағы резиденциясына шабуыл жасағанымен, бұрынғы басшысының жақтастары оларға тойтарыс бере білген.

Алайда 8 тамызда қарулы күштер шабуылды қайта бастап, нәтижесінде Атамбаевтың өзі берілген.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақ ниетте болғанын айтты.

Тағы да оқыңыздар

Пікір