Назарбаевтың немересі перспективті басқарушылар рейтингінде көш бастады

Yedilov Online Telegram-арнасының нұсқасы бойынша жыл сайынғы Қазақстанның ең жас әрі перспективті басқарушылар рейтингі жарияланды. 50 адамнан тұратын тізімде еліміздің Тұңғыш президентінің немересі Нұрәлі Әлиев көш бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рейтингте 34 жастағы Нұрәлі Әлиев "Capital Holding" инвестициялық холдингінің басшысы ретінде бірінші орыннан көрінген.

2018 жылы ол аталған тізімнің бесінші орнында болған. Ал ол кезде Елбасының немере інісі, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш көш бастап тұрған.

Биыл ТОП-50 рейтингінде екінші орын ҚР тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаеваның жұбайы "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досановқа (37 жас) тиесілі.

Үшінші орынға – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (37 жас), төртінші орынға – ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева (39 жас), бесінші орынға – BeInTech IT-компаниясының бас директоры Бағдат Мусин (36 жас) жайғасқан.

Тағы да оқыңыздар