Атамбаевтың ұлы: Әкем ешқашан саясатқа араласпауымызды өтінді (видео)

Қырғызстанның бұрынғы перзиденті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев "Новые лица" баслымына берген сұхбатында шабуыл мен әкесінің ұсталуына қатысты қандай пікірде екенін айтты деп хабарлайды Настоящее время-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қадыр Атамбаевтың сөзінше, ол 7-8 тамыз күні Ыстықкөлде анасымен бірге демалып жатқан.

"Бұл оқиғалар туралы мен жаңалық порталдарынан білдім. Біз үшін бұл бірінші форс-мажор емес, 2010 жыл есімізде. Бірақ біз мықты адамбыз, әкем бізге берілмеуді үйретті.
Мен мұның арнайы ұйымдастырылған арандатушылық екеніне сенімдімін. Дегенмен, ол дұрыс жоспарланбаған еді. Нәтижесінде жапа шеккендер көп болды. Олар соның барлығын әкемнің мойнына артып қоймақ.
Куәгерді мәжбүрлеп әкелу үшін олар таңғы 5-те келуі керек еді, бірақ олар кешкі 8-де келгенде, мұнда азаматтардың саны көп болды. Менің әкем жарты сағатқа аумаққа шықты. Бұл әйелдер мен балалар осында келетін кезең. Дәл осы кезде билік шабуыл ұйымдастырады, бұл шеттен шыққандық. Шабуылдың басталу орны ретінде олар Орталық қақпаны таңдады, бұл қашып құтылмақ болған азаматтардың не де болса арнайы жасақпен кездескенін айғақтайды. Яғни, біздің барлық жақтаушыларымыз, әйелдер мен балаларды қоса алғанда, жағдайдың тұтқынына айналды.
Өзіңізді ауылдасыңыздың орнында қойып көріңізші, сіздің жұбайыңыз Атамбаевқа барып, келетіндерін айтты. Содан кейін ол дәл осы уақытта шабуылдың басталғанын біледі. Әрине, ол Атамбаевқа емес, туған-туысқандарына көмек көрсетеді. Адамдар қарсы қойылды.
Арнайы жасақ, яғни, шабуыл жасағының саны 20 адамнан аспады. Бірақ кейінірек, екінші немесе үшінші күні ҰҚКД 40-тан астам атыс қаруынан айырылғанын хабарлады. Атыс қаруының саны арнайы снарядтардың санынан екі есе артық болып тұр. Бұл олар жақтаушыларымыздың осы қаруды алып, оны пайдаланғанын қалаған деген ойға итермелейді. Бірақ менің әкем дереу бұл қаруды қайтадан күштік құрылымға қайтарып беруге бұйрық берді", - дейді экс-президенттің ұлы.

"Әкем атамын деп өтірік айтты"

Әкем тек өзінің оқ атқанын айтты. Бірақ мен оның атпағанын білемін. Мен үйге кірген бойда екінші және үшінші қабаттардың өтетін жерлерін тексердім. Ол жерде қанның ізін таппадым. Біз білетініміздей, арнайы жасақ кеуде тұсынан жарақат алған. Ол жерде қанның ізі қалуы керек еді.

Содан кейін, (топарғы бар) қаптарға да зақым келмеген. Оған тию үшін оқ металл қоршаулардың негізін құрайтын берік салынған екі қабаттан жасалған шыбықтар арқылы ұшып өтуі керек еді. Яғни, әкемнің біреуді жарақаттап не өлтіруі іс жүзінде мүмкін емес. Бәлкім, біздің тарапымыздан немесе олардың тарапынан кездейсоқтық болған болар. Олар қан төгілгенін қалады, біз қалаған емеспіз.

Әкемнің оқ атқанын көргенім есімде жоқ. Велосипедте отырып, нысанаға атқанды ұнататын әдеті болмаған.

Мен әкемнің (арнайы жасақты) атамын деп өтірік айтқанын білемін.

"Ол өз-өзіне жала жапты"

Мен әкемнің арнайы жасақтың бірінің өліміне қатысы жоқ деп ойлаймын. Менің пікірімше, ол игі оймен өзгенің кінәсін өз мойнына алып, өзіне жала жапты. Қайтыс болған арнайы жасақтың отбасына көңіл айтқым келеді. Бірақ мен оның өліміне Атамбаев емес, билік кінәлі екенін де атап өтсем деймін.

[Жексенбіде] белгілі тұлғалар тобы үйімізге кіріп шықты. Олардың немен айналысқанын сол күйі түсінбедім. Бірақ білуімше, тергеу жұмыстары жүргізілді. Олар өз жұмысын жасап жатты. Шабуыл кезінде болған арандатушылықтарды ескеретін болсақ, алдағы уақытта енді биліктен шындықты естімейміз бе деп қорқамын.

"Әкем саясатқа араласуға тыйым салатын"

Елден қашуға ниетті емеспін. Мен Айдарчик (Ақаев) немесе Максим (Бакиев) емеспін. Мен мемлекетті тонаған адамдардың қатарынан емеспін. Не де болса әкемнің беделді ұлы болдым.

Осы жылдар бойы сіздер біздің отбасымыздың мүшелері жайлы ештеңе білмей, естімей келдіңіздер. Әкем бізге мемлекеттің саяси немесе әкімдік басқару бөлігіне араласуымызға қатаң тыйым салды.

Әкем бір кезде бізден ешқашан саясатқа араласпауымызды сұрап, уәде де алған еді. Алайда әке, кешіріңіз, болып жатқанның барлығына бейжай қарап, бақылай алмаймын. Уәдемді бұзуға тура келетін секілді. Себебі болып жатқан жағдайларға қарап жай ғана қарап, үнсіз қалу жанына батады.

Тағы да оқыңыздар

Пікір