Жеті мыңнан астам гаухартаспен көмкерілген сақина рекордтар кітабына енді (фото)

Үндістанның Мумбай қаласындағы зергерлер жасаған сақина әлем жұртшылығын таңғалдыруда. Көпшіліктің қалтасы көтере беремейтін, құны 4,9 миллион долларды құрайтын жүзік Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үндістандық зергерлердің қолынан шыққан гаухартасты жүзік тек құнымен ғана емес, сондай-ақ, дизайнымен ерекшеленеді. Ол Лотос гүліне ұқсап жасалған.

Зергерлік компания әлемдік нарыққа шығуды жоспарлағандықтан, жүзікті тек бағалы етіп қана емес, рекордты етіп жасауға шешім қабылдапты.

Сол себепті зергерлер сақинаны 7777 гаухартаспен көмкеріп, мақсатына жеткен.

Тағы да оқыңыздар

Пікір