"Барселона" жеңілді: 38 жастағы футболшының голы әлем жұртшылығын таңғалдырды

"Атлетик" Испания чемпионатының бірінші турында "Барселона" клубын 1:0 есебімен ұтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойындағы жалғыз голды "Атлетиктің" 38 жастағы шабуылшысы Ариц Адуриц ойынның 89 минутында соқты.

Кадрдан оң қапталдан асырған допты, футболшының өзінен асыра тепкенін, қақпашының соққыға тегеуірін таныта алмағанын байқауға болады.

Адуриц салған голды шетелдік басылымдар жарыса жазуда.

БАҚ өкілдері мен спорт сарапшылары 38 жастағы футболшының голына таңдай қақты.

"Барселона" сапынан алаңға Лионель Месси жарақатына байланысты қатыса алмады.

Айта кетейік, каталондық клубтың бапкері Эрнесто Вальверде осыған дейін "Атлетикті" жаттықтырған.

Тағы да оқыңыздар

Пікір