Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған туған қызын зорлаған ер адамға іздеу жарияланды

Ақтөбе облысының қылмыстық полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған өз қызын зорлап, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Ахметов Ермек Серікбайұлын іздеу үстінде деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2019 жылдың 27 ақпанында 36 жастағы Ахметов өзінің кәмелет жасына толмаған қызын зорлап, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, ҚР ҚК 120-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ахметов Ермек Серікбайұлына "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қабылданып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Іздеу бойынша іс қозғалды.

Ізделушінің белгілері: бойы (орта) 170-175 см; мығым денелі (тарамыс); беті сопақша; шашы қара, толқынды, қысқа шашты болуы мүмкін; кең маңдайлы; қасы қалың, тік; көзі қоңыр-жасыл; мұрны үлкен, тік орналасқан; ерні жіңішке; иегі шығыңқы; құлақ қалқаны шғыңқы; сақал мен мұрт қоюы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар

Пікір