Қиылған шаштан портрет жасайтын әйелдің еңбегі көпті тәнті етті (фото, видео)

Македониялық шаштараз Светлана Гроздановский қиылған шаштардан өнер туындысын жасап шығарады деп жазады 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзін шаштараз әрі суретші деп есептейтін Светлана шаш қиындыларын жинап, еденге танымал адамдардың портретін жасайды.

Бұл портреттер көбінесе қара-ақ түсте болады. Кейде суретші туындысын түрлі түске бояу үшін гүлдерді немесе сары шашты қолданады.

Мұндай еденге жасалған туындылар ұзақ уақыт сақталмасы анық. Дегенмен, шебер жұмысын фото-видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялап отырады.

Талантты әйел әлеуметтік желіде танымал болып үлгерді. Оның ерекше портреттеріне желі қолданушылары асқан қызығушылықпен қарайды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір