Барселонада Ауғанстанның Испаниядағы елшісін тонап кетті

Барселонада Ауғанстанның Испаниядағы елшісін белгісіз біреулер тонап кетті, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бір топ адам жексенбі күні Барселона орталығындағы Леатан көшесінде дипломатқа шабуыл жасаған. Қаскөйлер оны жерге жығып, 17 мың еуро тұратын Bulgari сағатын тонап кеткен.

Оқиға салдарынан Ауғанстан елшісі аяғынан жарақат алды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл Барселонада шет мемлекеттердің дипломаттарына жасалған бірінші шабуыл емес.

Биыл маусым айының соңында Барселонада Оңтүстік Корея үкіметінің жоғары лауазымды шенеунігін де тонап кеткен болатын. Шабул кезінде ол жерге баспен құлап, ауып хәлде ауруханаға жеткізілген еді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір