Меккеге қажылыққа кеткен Қазақстан азаматы жол апатына түсті

Меккеде жол апаты болып, Қазақстан азаматы зардап шекті. Жол апатынан соң оған қажетті медициналық көмек көрсетілді деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, бір адам жол апатына ұшыраған, кейін оны ауруханаға жеткізген. Ол ауыр жарақат алмаған.

Діни басқарманың айтуынша, дәрігерлер емделушіден жеңіл бас жарақатын анықтап, оған ем жазып берген.

Биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа аттанған. Оларға 21 медицина маманы қызмет етуде. Дәрігердің көмегіне 1744 қазақстандық азамат жүгінген.

Қажылардың денсаулығы нашарлауына көбінесе ыстық ауа райы және арақашықтықтың алыстығы себеп болған.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары арасында аптап ыстықта мұзды су ішкендіктен суықтап қалғандары да бар.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар арасында аппендикс анықталған азамат бар. Оны шұғыл ауруханаға жатқызды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір