Тоқаев қоқыс жинаған Мағзұм Мырзағалиевті мақтады (фото)

Мемлекет басшыы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және ҚР табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті мақтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстандықтар еліміздің көлдеріндегі жүздеген шақырым синтетикалық желілерді жинап алды. Министр М. Мырзағалиев бастаған жақсы іс!", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Өткен сенбіде экология министрлігі "Желілерден тазартылған суат" атты акция ұйымдастырған еді.

Ведомстваның Facebook парақшасында хабарланғандай, бес мыңнан аса қазақстандық 79 суаттың түбін орнатылған жүз километр желіден және 120 тонна қоқыстан тазартты.

Министрліктің мәліметінше, қоқыс жинауға 431 жүзу құралдары жұмылдырылып, сүңгуірлер қатысқан.

Тағы да оқыңыздар

Пікір