RU

Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кандидатурасы келісілді

Автор:

Бүгін мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Біржан Нұрымбетовтың кандидатурасын ұсынған.

Біржан Нұрымбетов. Фото: enbek.gov.kz: Facebook

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Комитет отырысында Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлының кандидатурасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылданды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

Тағы да оқыңыздар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде