RU

2019-08-20

Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Автор:

Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған деп хабарлайды Ақорда.

Біржан Нұрымбетов. Фото: ortcom.kz

"Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісте Нұрымбетовтің кандидатурасы мақұлданған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Сапарбаев 20 тамызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындады.

Ал үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Гүлшара Әбдіқалықова мәжіліс депутаты болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде