Тоқаев Президент әкімшілігінде тағайындаулар жүргізді

Әлтайыр Ахметов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылып, президент әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды;
Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды", - делінген ресми құжатта.

Тағы да оқыңыздар

Пікір