RU

Қайтыс болған қызының өтінішін орындаған әке адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Уэльс тұрғыны қызының өлер алдындағы өтінішін орындау үшін 90 келіге арықтаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

56 жастағы Майк Саммерстің қызы үш жыл бұрын сүт безінің қатерлі ісігінен көз жұмған.

"Қызыммен соңғы рет сөйлескенде ол күйеу балам мен немерелеріме қарауға көмектесуімді сұрады", - дейді ол.

Ол уақытта Саммерстің салмағы 170 келі болып, созылмалы жүрек пен өкпе ауруынан зардап шегіп жүрген.

"Қызымды жоғалтқан соң ғана маған бір жағдай болса, бәрінің көңілін қалдыратынымды түсіндім", - дейді азамат.

Майкқа жағымсыз әдеттерден арылу оңай болмаған. Ол таңнан кешке дейін тамақ ішуді тоқтата алмай, ақырында 2018 жылы ауруханаға түскен.

Бір жыл бұрын Саммерс арықтау курсына жазылып, бір жылда 76 келі салмақ тастауға мүмкіндік алады.

"Мен мұны өз пайдам үшін емес, жақындарым үшін жасадым", - дейді Майк.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өлім аузында жатқан әкесі үшін неке қидырып, жұрттың жүрегін елжіреткен қос ғашық туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары