Алматы маңында жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып өлтірді (фото, видео)

Алматы-Бішкек трассасында бір әйел мерт болды, деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Subaru Legacy көлігі Алматы-Бішкек тас жолының бойымен қалаға қарай бет алған. Жаяу жүргіншілер өткелі басталатын Қаскелеңге қараған бұрылыста жолға бір әйел жүгіріп шығыпты.

Subaru жүргізушісі әйелді абайсызда соғып кеткен.

Оқиға орнына куәгерлер дәрігер шақырған, бірақ соғылған әйел жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған.

Көлік жүргізушісі ол әйелдің жолға рұқсат етілмеген жерде жүгіріп кетті деп сендіреді. Алайда, кейбір куәгерлердің айтуынша, әйел жол өткелімен жүрген.

Басылымның хабарлауынша, апат орын алған тас жолдың учаскесінде көше шамдары ұзақ уақыт жұмыс істемеген. Оқиға кезінде де жарық болмапты.

Оның үстіне, бұл жер адам көп жиналатын жерлердің бірі, өйткені жақын жерде көптеген дүкендер мен мейрамханалар орналасқан.ке

Пікір

Тағы да оқыңыздар