Алматыда өз баласын ұрды деп айыпталған әкенің сотында шу шықты

Шығыс айналма жолында туған баласын соққыға жықты деп айыпталып отырған Мұрат Асқароғлының туыстары үкімді үзіп жіберді деп хабарлайды "Қазақпарат"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төреші үкімді жария ете бастағанда айыпталушының туыстары сот залында жанжал шығарды.

Ол тек сотталушының кінәлі деп танылғанын оқып үлгерді. Осы сәтте Мұрат Асқароғлының туыстары оның сөзін бөліп жіберді.

Әйел адамдар бар даусымен айқайға бас салып, жылай бастады. Сот үкімді жария етуді тоқатты.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Асқароғлы өз ұлын өлтірмек болған деп айыпталуда.

Бұған дейін прокурор баланың әкесін 11 жылға түрмеге тоғытуды сұрады.

Тергеу жұмыстарының нұсқасы бойынша, өткен жылдың шілде айында ер адам өз баласын таспен ұрып, оны Брянск пен Одесса көшелерінің бұрышында ессіз күйде тастап, жұмысқа кеткен.

Атап өтейік, о баста баланы көлік қағып кетті деп хабарланған еді. Кейіннен ер адам кінәсін мойындады. Алайда алдын ала тыңдалым кезінде өз сөздерінен бас тартты.

Тағы да оқыңыздар