«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчына билеттердің құны қанша?

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчына билеттер құны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еуропа лигасы аясында елордалық футбол клубы сербиялық «Партизан» командасымен, голландиялық "АЗ"-мен және Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол командасымен кездеседі.

Үш ойынға абонементтерді сату - ертең, 12 қыркүйекте елорда уақытымен 11.00-де басталады. Билеттерді «Астана» ФК ресми сайтында алуға болады.

Бұл ойынның бағасы категориясына байланысты 4-тен 55 мыңға дейінгі бағаны құрамақ.

Толық баға жүйесі келесідей:

Манчестер Юнайтедпен болатын матч:

1-санаттағы билеттер - 55 000 теңге;

2-санаттағы билеттер - 40 000 теңге;

3-санаттағы билеттер - 25 000 теңге;

4-санаттағы билеттер - 16000 теңге;

5-санаттағы билеттер - 11 000 теңге;

6-санаттағы билеттер - 4000 теңге;

"АЗ" және "Партизан" қомандаларымен болатын ойында

1-санаттағы билеттер - 12 000 теңге;

2 санаттағы билеттер - 7000 теңге;

3-санаттағы билеттер - 4 000 теңге;

4-санаттағы билеттер - 3 000 теңге;

5-санаттағы билеттер - 2 000 теңге;

6-санаттағы билеттер - 1500 теңге;

Тағы да оқыңыздар

Пікір