"Жүрегі шыдамаған": Прагада 27 жастағы қазақстандық азамат көз жұмды

Чехия астанасында Есет Алпысбаев есімді Қазақстан азаматы қайтыс болды деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, ер адам Прагадағы ауруханада көз жұмған.

Ол жұмыс істеген чех компаниясы мәйітті Қазақстанға тасымалдаудың барлық шығындарын төлейді.

Қазір денені Прагадан Алматыға жіберу бойынша авиакомпаниямен келіссөздер жүргізілуде. Бұл алдағы күндері жүзеге асады.

Tengrinews.kz жазуынша, 27 жастағы қазақстандық азаматтың өліміне төртінші дәрежелі ісік ауруы себеп болған.

Марқұмның досының сөзінше, қорқынышты диагноз туралы олар бірнеше күн бұрын ғана білген.

Есет ота жасау үстінде қайтыс болған - оның жүрегі шыдамапты.

Есет Алпысбаев Прагада 2011 жылдан бастап өмір сүріп, жұмыс істеген.

Тағы да оқыңыздар

Пікір