162 адам Қазақстан байлығының жартысына иелік ететін болып шықты

Қазақстан әл-ауқатының жартысына 162 адам иелік етеді деп хабарлайды "Private equity market in Kazakhstan" (Қазақстандағы жеке капитал нарығы) KPMG есебіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Есепке сәйкес, Қазақстандағы ересек тұрғындары саны - 12 085 857 адам.

96,6 пайыз ересек тұрғындардың (11 711 334 адам) жылдық табысы 10 мың доллардан аспайды.

2,7 пайызы (326 322 адам) жылына 10 мың доллардан 100 мың долларға дейін табыс табады.

0,35 пайызы (42 301 адам) 100 мың доллардан миллион долларға дейін.

0,05 пайыз (5 838 адам) бір миллионнан 50 миллион долларға дейін.

0,001 пайыз (162 адам) жалпы байлықтың шамамен 55 пайызына ие болады.

Олардың 112-сі жылына 50-ден 80 миллион долларға дейін пайда табады.

45 адам - 80-нен 800 миллион доллар. Ал, бес адам - 2-3 миллиардқа дейін табысқа кенеледі екен.

Естеріңізге салсақ, Қазақстандағы орта жалақы 2019 жылдың тамызында 186,5 мың теңгені құраған.

Тағы да оқыңыздар

Пікір