RU

2019-09-19

"Манчестер Юнайтед" "Астана" сапындағы ең қауіпті ойыншыны атады

Автор:

"Манчестер Юнайтед" футбол клубының мамандары "Астанамен" өтетін матчқа дайындықтары туралы айтып берді деп хабарлайды ағылшын клубының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өз лигасында 5 рет чемпион болған "Астананың" ең қауіпті ойыншысы - хорватиялық легионер Марин Томасов болып табылады. Ол Еуропа Лигасының квалификациялық кезеңінде 7 гол соғып үлгерді. Бұл "Рейнджерс" командасының үздік сұрмергені Альфредо Морелостің көрсеткішінен 1 голға көп", – делінген "Манчестер Юнайтедтің" ресми сайтында.

Сондай-ақ, ағылшындар қазақстандық команданың тағы екі ойыншысын атап өтті. Олар – Антонио Рукавина мен Роман Муртазаев.

Еске сала кетейік, "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч 20 қыркүйекте елорда уақытымен сағат 1:00-де "Олд Траффорд" алаңында өтеді.

Матчты тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде