Атышулы Байзақова өзін ұнатпаған келіншектің күйеуімен кездесті (видео)

YouTube арнасындағы Сәлем шоу бағдарламасына қонаққа келген атышулы Айжан Байзақова бағдарлама барысында оны ұнатпайтын келіншектің күйеуімен кездесті. Ер адам танымал ару үшін Қарағанды қаласынан Алматыға арнайы келіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілері аруға әлеуметтік желіде пайда болған жазбаны көрсетті. Онда 26 жастағы 2 баланың анасы күйеуіне шамданған. Оның сөзінше, оның күйеуі Айжанның суреттерін көріп, оны көру үшін Алматыға арнайы барғысы келіп жүргенін жазыпты.

Одан бөлек, Жанар Айжанова аруға тосын сый жасап, сол жазбаның авторының күйеуін бағдарламаға шақырды.

Ер адамды көрген Айжан о баста сасып қалғанымен, жағдайды тек әзіл деп қабылдай бастады.

"Мен саған Қарағандыдан келдім. Екі балам бар. Мен тұрмақ екі балам да сізді жақсы көреді. Айтсам сенбесіз. Отбасымызбен жақсы көреміз. Әйелімнен басқа. Мен қатты қобалжып тұрмын. Бірақ мен мұндай жай ғана келген жоқпын. Сенімен селфи жасайын едді. Менің әйелім сенбейді саған келдім десем", - деді ер адам.

Пікір

Тағы да оқыңыздар