Ғашығымен айырылысқан бойжеткен қайғыдан үйін өртеп жібере жаздаған

АҚШ-тың Небраска штатының 19 жастағы тұрғыны сүйіктісмен айырылысқаннан кейін, ғашығы жазған барлық хаттарды өртеп, көзін жоймақ болған. Алайда абайсызда үйді өртеп жіберген деп хабаралайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сүйіктісімен айырылсқан бойжеткен ғашықтық хаттарын оттықпен өртеп кете берген. Ол, тіпті, қағаздың қалай жанып жатқанын көрмей, ұйықтау үшін көрші бөлмеге кетіп қалған.

Біраз уақыттан кейін ару күйіктің иісінен оянып кетіп, үйде өрт шыққанын трүсінген.

Абырой болғанда құтқарушылар жалынды бірнеше минутта сөндіре алды. Өрттен ешкім зардап шекпеген, алайда, үйге жөндеу жұмысын жасау үшін 4000 доллар қажет болады екен.

Пікір

Тағы да оқыңыздар