RU

2019-11-09

«Бұл оның арманы еді»: Галкин белоруссиялық жас генийге Қазақстанның туын сыйлады (видео)

Автор:

Ресейлік "Лучше всех" дарынды және талантты балалар туралы бағдарламаға кезекті қонақ боп беларуссиялық 4 жасар бала келді. Бағдарламаның жүргізушісі Максим Галкин жас өнерпазға Қазақстанның туын сыйға тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан көріністер

Бағдарламаның соңғы шығарылымы "Красный квадрат" телекомпаниясының YouTube каналында жарияланды.

Беларуссиядан келген 4 жасар бала Вадим Денисевич бағдарлама жүргізушісі мен қонақтарын өзінің география білімімен таң қалдырды, ол әлемнің көптеген елдерінің астаналары мен мемлекеттік рәміздерін ғана емес, сонымен қатар бірнеше ноталардан-ақ мемлекеттік әнұранды да таба алады. Мәселен, Ауғанстанның әнұранын табу үшін жас данышпанға 5 секунд та жеткілікті болды.

Вадим, сонымен қатар, елді өзінің көрнекті жерлерінің суреттерінен оңай таба алады.

Әлем елдерінің әнұранын, жалаулары мен көрнекі жерлерін тануда Вадим "Орел и решка" саяхат бағдарламасының жүргізушісі Регина Тодоренкомен бәсекеге түсті.

Бағдарлама соңында баяндамашылар дарынды сәбиге медаль, тәттілері бар рюкзак және Қазақстанның туын сыйлады.

Максим Галкин: "Бұл оның арманы еді", - деп айтып өтті.

"Егер сіз нағыз абсурдтың не екенін білгіңіз келсе, бұл Мәскеуде Қазақстанның туын армандайтын белоруссиялық бала, ал оны Украина азаматы Регина Тодоренко табыстайды", - деп қалжыңдады Галкин.

Қазақстан туы Вадим жинап жүрген әлем елдерінің мемлекеттік рәміздерінің коллекциясын толықтырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде