Мейірімді жан суға батқан ұялы телефонды иесіне қайтарды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Хермоса Бич жағажайында Хизер Петтис-Зимет есімді ару серуендеп жүрген жерінде смартфон тауып алды. Су мен құмда жатқанына қарамастан қондырғы жақсы жұмыс істеп тұрған. Сол себепті оны тапқан келіншек ұялы телефонды иесіне қайтармақ болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120su сайтына сілтеме жасап.

Десе де қондырғыға су тиіп, құм шашырап үлгеріпті. Сол себепті ару оның әлі жұмыс істеп тұрғанына күмәнданды.

Соған қарамастан Хизер ұялы телефонды қолына алып, үйіне апарып, қосып көрген Қуанышқа орай смартфон іске қосылып, экраннан анасы мен екі қыцздың суреті шыға келді.

Хизер аталған суретті Facebook желісіне жүктеп, ұялы телефонның иесін іздестіре бастады.

Көп ұзамай оған Анжелика Артега есімді келіншек хабарласып, жағажайда жүргенде смартфонды жоғалтып алғанын айтты.

Оның сөзінше, ол серуендеген кезде кенеттен толқын басталып, оның қолындағы телефон суға түсіп кетіпті. Сол себепті қондырғы әпсәтте көзден таса болыпты.

Хизер мен Анжелика кездесіп, қондырғы иесіне қайтарылды. Анжелика өзінің ұялы телефонын тауып, оған табыстаған аруға шексіз алғыс айтты. Ол сондай-ақ, ұялы телефонның сол қалпында жақсы жұмыс істеп тұрғанын қатты таңданыпты.

Тағы да оқыңыздар