RU

Димаш Құдайберген: Отаныма Грэмми жүлдесімен ораламын

Отандық әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғыс білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күні кеше Нью-Йорк қаласында жеке концертін өткізген Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға рахмет айтты. Ол өз алғысын Instagram парақшасында білдірді.

"Достар, мен, отаныма, Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!", -деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі алғашқы жеке ән кешін өткізді. Оның "Arnau tour ENVOY" деп аталатын шоу концертіне ғаламшардың түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналды. Тыңдарман қауым ерекше дарын иесін үш сағат бойы табиғи жанды дауыста тыңдаған.

Керемет кештің куәсі болған көрермендер өздерінің эмоцияларын жасыра алмай, бірде жылап, бірде күлді. Тіпті, әлемнің әртүрлі тілінде өз махаббатын білдіріп, "Димаш, маған үйленші!" деп ұсыныс жасаған қыздар да болды.

Айта кету керек, бұл шоу Қазақстанның Америкадағы мәдениеті күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұған дейін аренадағы барлық билеттің сатылып кеткені де айтылды.

Артынша президент Сара Назарбаева мен Димаш Құдайбергенді марапаттады.