RU

Ақтөбедегі қыз зорлау оқиғасынан кейін әйелдер педофилдерге өлім жазасын сұрауда

Ақтөбеде бір топ көпбалалы аналар педофилдерге өлім жазасын кесуді талап етіп отыр. Олар билік басындағыларға жанайқайын жеткізу үшін әйелдер арасында қол жинауға кірісіп кетіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының орталық көшесінің бойына жиналған келіншектер төртінші сынып оқушысын алдап, зорлаған қаскөйдің жақын арада табылуын тілеп отыр.

"Заңды күшейтпей, мұндай озбырлықтың алдын алу қиын", - деп ашынды олар.

Педофилдерді ұзақ мерзімге түрмеге жапқанымен, бір күні босатылары белгілі.

"Қайта айуандыққа бармасына еш кепіл жоқ", - дейді ашынған аналар.

Олардың сөзінше, мұндай айуандарға тіпті, өмір сүрудің қажеті жоқ.

"Ату жазасын берсін! Ату жазасын! Ондай адамдар өмір сүруге лайықты емес. Осындай жағдай болмауы үшін мықты заң енгізуді талап етеміз! Көп балалы аналар ретінде!", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлдана Қажекенова.