RU

Елімізде бала саны жетіден асатын отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшері өседі

Автор:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде бала саны жетіден асатын көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Нұрымбетов осы жылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленетінін еске салды.

Оның сөзінше, жәрдемақы бала санына қарай сараланған мөлшерде төрт балаға 42 500 теңгеден, 7 және одан да көп бала үшін 74 400 теңгеге дейін беріледі.

Қазіргі уақытта бұл көмекті қаңтардан бері 370 мың отбасы алғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта бұл жәрдемақы жеті баладан әрі қарай біркелкі мөлшерде төленеді. Сондықтан біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, 8 балаға 85 мың, 10 балаға – 106 мың, 15 балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады", - деді еңбек және халықты қорғау министрі.

Нұрымбетов 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 миллиард теңге қарастырылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, өткен жылы 486 мың отбасыға немесе 2 миллион 400 мың адамға 244 миллиард теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

"Ақшалай көмекпен қоса бұл отбасылардағы 94 мың адамға жұмыспен қамту жағынан көмек көрсетілген. 148 мың отбасы қосалқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алса, 7 мың отбасы шағын несие арқасында өз кәсібін ашты. Нәтижесінде 136 мың отбасы қиын жағдайдан шығарылды", - деп сөзін қорытындылады министр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Біржан Нұрымбетов мемлекеттік бағдарлама аясында елімізде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайтын микрокредит берілетінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде