RU

Ресейлік әнші Валерия әйелдердің саяси партиясын құрмақ

Ресейлік әнші Валерия (шын аты – Алла Перфилова) 2021 жылы мемлекеттік думаға сайлауға қатысу үшін саяси партия құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның күйеуі Иосиф Пригожин мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Пригожин жұбайы екеуінің "Мықты әйелдер" атауымен партия құру жайлы ойластырып жатқандарын жеткізді. Саяси бірлестік әйелдердің құқығын қорғап, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуді мақсат тұтпақ.

"Әйелдердің елімізді жақсартуға деген ниетіне қолдау көрсетуге дайын ер азаматтар бар. Ресейге осындай баланс қажет", – деп атап өтті продюсер.

Ол сондай-ақ мемлекеттік думада Валерияның "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде" заң жобасын әзірлеп жүрген "Единая Россия" партиясының депутаты Оксана Пушкинамен одақтас болатынын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиеваның ХАҚ партиясын құруды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Тоғжан Қожалиева "Халыққа адал қызмет" партиясын құруға дайындық жұмыстары жүріп жатқанын жеткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар