RU

Ерлан Тұрғымбаев: Жұмысқа басқаша қарап, өзімізді өзіміз құртамыз

Қазақстанның ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев сенаттағы үкімет сағатында депутаттардың сауалдары мен ұсыныстарын қорытындылай келе, бүгінгі күні ведомствоның қайта құрылымдау алдында тұрғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев жұмыс тәсілдерін өзгерту заман талабы екенін атап өтті. Қоғамға ашық, адал әрі приципшіл полиция керек.

Еліміздің бас полицейінің хабарлауынша, ведомство қайта құрылымдау алдында тұр.

"Біз жұмысқа басқаша қарап, өзімізді өзіміз құртамыз", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның сөзінше, қайта құрылымлау өте ауыр процесс. Ол министрліктен бастау алып, төменгі нысанмен аяқталады.

Соның аясында қызметкерлер жақында ғана аттестациядан өткен. Артық 106 басқарма нысандары мен 1483 жетекшілік қызмет жабылған.

Нәтижесінде ішкі істер жүйесінің қызметкерлер саны 10,5 мың адамға азайған. Осының арқасында 16 млрд бюджет қаржысы үнемделген.

Еске сала кетсек, Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органдары арасында еңбекақы төлеудің бірыңғай тетігін ойластыруды ұсынғаны хабарланған.

Айтуынша, бүгінде құқық қорғау органдары арасында еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі жоқ. Біртекті функцияларды атқаратын полицейлердің (тергеушілер, жедел қызметкерлер, сарапшылар) жалақысы, басқа құқық қорғау органдарына қарағанда төмен және бұл айырма 47% құрайды. Оның үстіне, полицейлердің жүктемесі әлдеқайда жоғары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар