RU

БАҚ: Қытай тұрғыны коронавирусты екінші рет жұқтырды

Қытайда өлім вирусы - коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді. Науқас бұған дейін де инфекция жұқтырған. Алайда ол қаңтар айының басында ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Науқас емдеу курсынан өткеннен кейін емханадан шығарылған. Ол үй карантинінде отыр, тіпті көшеге де шықпаған. Алайда дәрігерлер он күн өткен соң науқастан инфнекцияға анализ алған. Қорытындысы емделушінің вирусты қайта жұқтырғанын көрсеткен. Бұл туралы People's Daily басылымы хабарлады.

Аталмыш дерек Сычуань провинциясында тіркелген. Ер адам мен оның отбасы мүшелері түгел ауруханаға жатқызылған. Үйлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай түрмелерінде коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқаны хабарланды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қауіпті індет 500-ден астам сотталушыдан анықталған.

Қытайдың Әділет министрі Хэ Пиннің айтуынша, індет жұқтыру дерегі Хубэй, Шаньдун және Чженцзяндағы бес түзеу мекемесінде тіркелген.

Вирус анықталған сотталушылар емделу үстінде. Қазіргі уақытта түзеу мекемелерінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар