RU

Криштиану Роналдудың командалық әріптесі Ругани коронавирус жұқтырды

Туриндік "Ювентус" клубының басшылығы команда қорғаушысы Даниэле Руганиден коронавирус табылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

"Даниэле Ругани тапсырған коронавирусқа арналған тест оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта ауру симптомсыз болып табылады. Осыған орай "Ювентус" заң жүзінде белгіленген барлық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруда және вирус жұқтырған ойыншымен байланысқа түскен адамдардың барлығын тексеруді жүзеге асыруда", - делінген туриндік клубтың ресми мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, осыған дейін париждік "Псж" клубының жас шабуылшысы Килиан Мбаппе қауіпті дертке байланысты анализ тапсырды.

L'Equipe басылымының ақпарынша, әлемнің үздік шабуылшыларының бірі ангинаға байланысты соңғы екі күн бойы командамен бірге жаттығуға қатыспаған. 10 наурызда "ПСЖ" футболшысының қауіпсіздік шаралары ретінде коронавирусқа анализ тапсырғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары