RU

"Сағынамын": Әкесімен араласпай кеткен Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаева әкесімен қарым-қатынасы бұзылып, біраз уақытқа дейін онымен араласпай кеткенін айтты. Өнер иесі әкесімен байланысы үзілгеніне қазір өкініп жүргенін айтып, оны аса қатты сағынып жүргенін мойындады. Эстрада жұлдызы сұхбаты барысында ол кісіге қоңырау шалып, көптен бері айта алмай жүрген жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айгүл Иманбаева әкесімен ауыр арақатынасы жайлы сөз қозғап, бұған дейін ешкімге айтпаған ішкі сырымен бөлісті. Әнші әкесіне деген сағынышын білдіріп, сұхбаты барысында жылап жіберді.

"Әкеммен татуласқан жылы барлық тумаларыммен табысып татуласқанмын. Сол кезде інім үйленіп жатқан еді. Бәріміз сол қуанышта мәре-сәре болып жүргенбіз. Сол кезде бір әдемі қарым-қатынас кеткен еді. Бірақ, қай жағынан қателік кеткенін білмеймін ғой. Солай болуы керек болған шығар. Араласпай кеткен уақыттың өзі көп нәрсені түсіну үшін, көп нәрсені сезіну үшін керек болған шығар деп ойлаймын.

Сол кезде де араға 35 жыл салып, әкеммен араласқан кезімде кейбір жеріне жете қойған жоқ шығармын деп ойлаймын. Редакторлар мен продюсерлерге қанша ренжідім. Бірақ, осы соңғы жарты жыл ішінде мен бір ой түйдім. Жарты ай бұрын өз-өзіме сұрақ қойып, жауап алып отырғанмын. Өзіммен өзім жұмыс істеген кезімде бір қатты зат ішімнен үзіліп шығып, әкемді сағындым. Ондай сезім өмірімде болған емес. Жасырмай-ақ қояйын.

Сол кезде оның қарындасына хабарласып, телефонын сұрадым. Сол араласпаған кезде телефонын сақтап та алмаппын. Ұлым екеуміз Америкаға виза аламыз деп, анкета толтырып жатқанда әкемнің биыл 22 мамырда 70 жасқа толатынын көрдім. Осы сандардың өзі де кездейсоқ емес болып көрінді маған. Жүректен келген аңсап сағыну бір бөлек. Қаңтар айында солай ойланып отырғанымда қатты сағынып кеттім, көргім келді.

Кездескім келді. Бірақ, әлі хабарласқан жоқпын. Ол кісі ауылда тұрады. Арада жол бар. Мен елордаға көшкелі ол ұзарып та кетті. Сол себепті, күн жылығанда туған күніннің алдында барсам дегенмін. Мені дүниеге әкелген адамдарға ақыл айтатын мен кіммін? Керісінше, алғысымды жаудыруым керек. Енді әкеме алғыс айтуға дайынмын" , - деді әнші.

Тележүргізуші көптен бері қарым-қатынасын қалыпқа келтіре алмай жүрген әкесі мен қызын татуластырмақ болған. Ол өнер иесіне әкесіне қоңырау шалып, өз өкінішін айтуға кеңес берді. Иманбаева оның айтқанын орындады. Ол әкесіне хабарласып, оған деген сағынышын білдіріп, алдағы уақытқа кездесулерін белгіледі.

Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаева 2013 жылы "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатынан кейін әкесімен қарым-қатынасын бұзып алып, араласпай кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Айгүл Иманбаеваның жантүршігерлік халдегі фотосы тарап кеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары