RU

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне келді (фото)

Парламент мәжілісінің депутаты ретінде халыққа танылған Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау өңірінің басшысы бүгін облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырған.

"Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызын ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындадым.

Бақытгүл Қайыржанқызы бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде заң шығару саласына өз үлесін қосты.

Жаңа қызметіне табыс тілеймін! Өңіріміз үшін өнімді еңбек етеді деп сенемін", - деп мәлім етті облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалин өзінің екі бірдей жаңа орынбасарын таныстырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар