RU

Роналду коронавируспен күресу үшін өз қонақ үйлерін ауруханаға айналдырмақ

Португалия ұлттық құрамасы мен италиялық "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы, әйгілі Криштиану Роналду коронавирустың таралуымен күресу үшін өз қонақ үйлерін ұсынбақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Футболшының қонақ үйлері коронавирусқа шалдыққандар үшін тегін ауруханаларға айналмақ. Ал дәрігерлердің жалақысын Роналду өз қалтасынан төлеуге ниетті.

Айта кетейік, футболдан Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттары тоқтатылды. Сондай-ақ Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) ресми түрде әлемнің басты еурокубоктары – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, коронавирус пандемиясына байланысты биылғы маусым-шілде айларына жоспарланған Еуропа чемпионаты 2021 жылға шегерілетінін жазғанбыз.

Бұған дейін УЕФА Еуро-2020 матчтарына қатысатын елдер билігінен коронавирустың таралуына қарамастан, турнирді белгіленген мерзімде өткізуге жағдай жасауды сұраған болатын.

Еске сала кетейік, Криштиану Роналдудың командалық әріптесі, туриндік "Ювентус" командасының қорғаушысы Даниэле Ругани коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар, англиялық "Арсенал" футбол командасының бас жаттықтырушы Микель Артетада COVID-19 вирусы расталғаннан соң, клубтың Лондондағы дайындық орталығы жабылғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар