RU

Әлеуметтік желіде "дұрыс жөтелу" челенджі тарап жатыр

Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев әлеуметтік желідегі парақшасында "Дұрыс жөтелу" челленджін бастады. Маман "осы арқылы коронавирустың алдын-алуға болады" деген пікірде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік желідегі парақшасында бастаған эстафетада дәрігер еліміздің барлық тұрғындарын жөтелгенде ауызды шынтақпен немесе "салфеткамен" жабуға шақырды.

Бұл челленджді ондаған оқырман жалғастырған.

Видео кардларынан балалардың "жаңа әдеттерін" көрсетіп жатқанын байқау қиын емес.

Дмитрий Киреев коронавирустан қорғану кезінде пайдалы болатын бірқатар ережелерді атап өтті.

"Қолдарыңызды үнемі алкоголь негізіндегі өніммен шайыңыз немесе сабынмен жуыңыз; Жөтелген немесе түшкірден адамнан өзіңізді кем дегенде бір метр қашықтықта ұстаңыз; Мүмкіндігінше қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз; Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, үйде болыңыз. Егер дене қызуыңых көтеріліп, тыныс алуыңыз қиындап, жөтелсеңіз, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз. Жергілікті денсаулық сақтау органының нұсқаулықтарын орындаңыз", - деді ол.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин елде не себепті төтенше жағдай режиімі енгізілгенін түсіндіріп өтті.

Оның сөзінше, шектеу шаралары вирустың ел аумағында таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар