RU

Балкондағы концерт, видеокездесулер: Италияда карантин қалай өтіп жатыр

Бүгінде коронавирусқа байланысты қолайсыз елдер қатарында 1-санатқа енетін Италия түгелдей дерлік карантинге жабылды. Алайда жаһандық кеселден қорғанып, үй қабырғасын күзетіп отырған халықтың көңілі құлази қоймаған. Олар балконда концерттер көрсетіп, видеоқоңырау арқылы кездесулер ұйымдастырып жатыр. Ендеше, карантиндегі көңілді өмір жайында KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Италияда коронавирусты жұқтыру мен аталған дерттен қайтыс болу көрсеткіштері артып келеді. Соңғы тәуліктің өзінде инфекция салдарынан 368 науқас көз жұмып, 369 адам жазылды. Айыққандарды қоса алғанда, COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 25 мың болды.

Бірақ бұл Италия халқы үшін қайғыратын себеп емес.

Қазір ел арасында балконда ән айту флешмобы басталып кетті. Мемлекет бойынша карантин жарияланғандықтан, тұрғындар үйде отыруға міндетті. Іші пысқан халық сол себепті де жаңа эстафетаны қолға алған.

Өткен аптаның жұмасы, 13 наурыздан бастап көп қалаларда-Рим, Милан мен Неаполь, сондай-ақ, Туринде "балконды" ән шашулар артты деп жазады ТАСС.

Хормен ән шырқаған халық композицияларының құрамына Италия әнұраны, Челентаноның "Azzurrj" әні және "Il celo è sempre più blue" («Аспан көгеріп келеді») туындысы кірді. Ал кей өңірлерде әйгілі "Макарена" әні орындалды.

"Балконды ән шашулар" дүрбелең мен дабылға қарсы жолданған жалғыз жауап емес.

Халық онлайн өмірге көшкендіктен, онлайн кездесу өткізіп жатыр. Кейбірі туған күнін осылай тойласа, енді бірі қайғылы рәсімдерді ұйымдастыруда.

Балалар мектепке бармағандықтан, ұстаздарымен онлайн кездесулер жасап жатыр.

Осылайша, италиялықтар көңіл-күйлерін түсірмей, өмірге жарқын жүзбен қарауды жалғастыруда.

Тағы да оқыңыздар