RU

39 жастағы Дильназ Ахмадиева тұңғышын дүниеге әкелді

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева 39 жасында алғаш рет ана атанды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған. Қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке бірінші болып шоу-бизнес жұлдызының өзі жеткізді. Ол көптен күткен сәбиі дүниеге келгенін Instagram желісінде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева тұңғышын босанғаны жайлы әсерлі жазба қалдырған.

"Құттықтап жатқан көпшілікке мың алғыс. Әрбір жылы лебіздеріңіз үшін рахмет айтамын.
Біздің сәбиіміз мемлекетіміздің азаматы болып үлгерді. Құттықтауларды әлі де қабылдаймыз. Сүйіктім, бұл екеуміздің бірге жасаған ең керемет дүниеміз болмақ", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары 39 жасында алғаш рет ана бақытына бөленген өнер иесі үшін қатты қуанып, оған деген құттықтау сөздерін жарыса жаудырған.

"Бауы берік болсын. Артынан іні-қарындастары ере берсін" , "Дильназ сіз үшін сондай қуанып тұрмын. Осы күнді қалай асыға күткеніңізді сезіп те тұрмын" , "Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын" , "Бақытты болып өссін. Сізге қызығын көрсетіп жүре берсін" , "Дильназ осы бақытқа лайықсыз. Арасын суытпай, бірден қыз бала дүниеге әкелуді нәсіп етсін" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиеваның жүкті екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар