RU

Алматыда коронавирус инфекциясының тағы үш жағдайы анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекцияның жаңа оқиғалары тіркелді. Бұл туралы бүгін, 17 наурызда Денсаулық сақтау министрлігінде мәлім болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі журналистерге Алматыда коронавирус инвекциясының жаңа үш жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Қазақстанда әлемді дүрліктірген вирусты жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Олардың 11-і Алматыда және екеуі Нұр-Сұлтанда.

Ауру жұқтырғандардың бірі - он екі жастағы қыз бала. Ол оңтүстік астананың ауруханасында емделуде.

Еске сала кетсек, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары