Қағбаның босап қалғанына жылаған имам елдің жүрегін елжіретті

Ғаламтор кеңістігінде намаз оқып жатып, көз жасына ерік берген имамның видеосы тарап кетті. Осы уақытқа дейін әркез құлшылық еткен жандарға лық толы болатын қағбаның коронавирус салдарынан бос қалып қойғаны оған ауыр тиген көрінеді. Ер адам көңілі босап, жылап жіберді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желіде кеңінен тараған аталмыш бейнежазба отандық жұлдыздарға да жеткен.

Намаз кезінде жылап жіберген имамның видеосымен өзінің Instagram парақшасында Қайрат Нұртас бөлісті.

Отандық хитменнің жариялаған бейнежазбасында бос тұрған қағбаның алдында бір топ адамның намаз оқып жатқанын көруге болады.

Олармен қосылып, даусын микрофонға шығарып оқыған имам өз-өзін ұстай алмай, көз жасына ерік береді.

Діни қызметкер бұған дейін бос қалып көрмеген қағбаны көріп, көңілі босап кеткен. Ол намаз оқып жатып, көпшіліктің көзінше жылап жібереді.

Аталмыш видео желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Олардың айтуынша, имамның қылығы көптің жүрегін елжіреткен. Жұртшылық ер адамға түсіністік танытып, оған деген қолдау сөздерін жаудырған.

Айта кетейік, бұған дейін дінтанушы қап-қабымен азық-түлік тасығандарды қатаң сынға алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!