RU

Роналдудың екінші командалық әріптесінен коронавирус анықталды

Франция құрамасы мен туриндік "Ювентус" клубының жартылай қорғаушысы Блез Матюиди коронавирус инфекциясын анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы италиялық ұжымның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Блез Матюиди COVID-19 вирусына байланысты медициналық тексеруден өтті. Анализ оң нәтиже көрсетті. 11 наурыздан бастап спортшы өз еркімен үйінде карантинде оқшауланып, сол тәртіпті ұстануды жалғастырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Ювентус" клубының екі ойыншысынан коронавирус табылғаннан кейін, туриндік ұжымның 100-ден астам қызметкері оқшауланды. Олардың арасында футболшылар, команда қызметкерлері мен басшылық өкілдері бар.

"Ювентустың" ең танымал футболшысы Криштиану Роналду да карантинде жатыр. Ол Португалиядағы үйінде отбасымен бірге оқшауланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роналдудың командалық әріптесі, туриндік "Ювентус" командасының қорғаушысы Даниэле Руганидің коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Сонымен қатар, англиялық "Арсенал" футбол командасының бас жаттықтырушы Микель Артетада COVID-19 вирусы расталғаннан соң, клубтың Лондондағы дайындық орталығы жабылғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар