Златан Ибрагимович коронавируспен күресу үшін 100 мың еуро бөлді

Италиялық "Милан" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович коронавируспен үресу үшін өзінің шотынан қомақты қаржы бөлді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Златан Ибрагимович / Фото: imago sportfotodienst / Global Look Press: Instagram

Eurosport мәліметінше, аты аңызға айналған швед футболшысы COVID-19 инфекциясымен күресуге 100 мың еуросын жұмсаған.

Бұндай қадамға не себепті барғанын Ибрагимович әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Италия маған көп нәрсе берді. Мен өзім жақсы көретін елге оралғым келеді. Денсаулығымызды қорғау үшін күн сайын жұмыс жасайтын ауруханаларға, өз өмірін сарп ететін дәрігерлер мен медбикелерге біз біріксек шынымен көмектесе аламыз. Сол себепті бүгін біз оларды қолдаймыз! Естеріңізде болсын: егер вирус Златанға келмесе, Златан вирусқа барады", - дейді "Милан" клубының 38 жастағы футболшысы.

Еске сала кетсек, италиялық "Ювентус" клубының екі ойыншысынан коронавирус табылғаннан кейін, туриндік ұжымның 100-ден астам қызметкері оқшауланды. Олардың арасында футболшылар, команда қызметкерлері мен басшылық өкілдері бар.

"Ювентустың" ең танымал футболшысы Криштиану Роналду да карантинде жатыр. Ол Португалиядағы үйінде отбасымен бірге оқшауланған.

Сонымен қатар, англиялық "Арсенал" футбол командасының бас жаттықтырушы Микель Артетада COVID-19 вирусы расталғаннан соң, клубтың Лондондағы дайындық орталығы жабылғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!