RU

Тағы бір "Игра престолов" телехикаясының жұлдызынан коронавирус анықталды

"Игра престолов" телехикаясының актрисасы Индира Варма коронавирус жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Қазір сол үшін (коронавирус үшін) төсекте жатырмын, бұл жақсы емес. Өздеріңе және жақындарыңа күтім жасаңдар, дендерің сау болсын", – деп жазды актриса өзінің Instagram парақшасында.

Қазіргі таңда Индира Варма Антон Чеховтың пьесасы бойынша жазылған "Чайка" спектаклінде ойнайды. Ол коронавирусқа байланысты спектакльді кейінге шегеруге тура келгенін атап өтті. Дегенмен, актриса жақын арада труппаның сахнаға оралуына үміттененін жеткізді.

Бұған дейін "Игра престолов" телехикаясында Тормунд рөлін сомдаған актер Кристофер Хивью коронавирусқа тест тапсырып, сынама оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеген. Ол қанша уақыт қажет болса да, үйде қоғамнан оқшауланып отыруға дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал голливуд жұлдызы Том Хэнкс пен оның әйелінің коронавирусты емдеу курсын аяқтап, ауруханадан шыққанын хабарлағанбыз.

Медициналық мекемеден шыққан соң олар жалға үй алып, 14 күндік карантинді сол жерде өткізуді жоспарлап отыр. Том Хэнкс қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне алғыс айтып, оларға бір-біріне қамқор болуға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар