RU

Ұлттық банк басшысы Тоқаевқа қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы есебін тыңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы «теңге-доллар» саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайында баяндады.

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Кездесу қорытындысы бойынша президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық Банк пен KASE ортақ мәлімдеме жасап, сауда-саттықты Франкруттық аукцион үлгісінде өткізу туралы шешім қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар