RU

Президенті әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын көмекке бөлді

Қазақстан президенті әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан президенті әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Аударылған қаражат елорда мен Алматы қалаларының пандемия салдарын өз бастарынан өткерген тұрғындарға беріледі.
Сонымен қатар жиналған қаржы коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыруға да жұмсалады. Бұл қаражаттың бір бөлігін жұқпалы аурулар ауруханаларын қолдауға, маскалар мен басқа да қажетті қорғаныш құралдарын сатып алуға жұмсау жоспарлануда. Бұдан бөлек балалар үйлеріне де көмек көрсетіледі", - деді ол.

Еске сала кетсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли отандық басылымға берген сұқбатында халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасып жатқанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар