RU

Құрманғазының күйін орындаған оркестр дирижері көпшілікті тәнті етті

Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, белгілі күйші Абылай Тілепберген карантин кезінде күйшілердің немен айналысатынын көрсетті. Өнер иесі желідегі көрермендері үшін Құрманғазының күйі "Балқаймақты" орындап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Абылай Тілепберген Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Карантинде күйшілер немен айналысуы мүмкін? Көңілдеріңізді түсірмей, күй тыңдай отырыңыздар. Белгілі күйші, профессор Әзидолла Есқалиевтың бойтұмарына айналған Құрманғазының "Балқаймағы" бұл.
Құрманғазы бабамыз Маңғыстау еліне барған сапарында шыққан екен. Кім білсін, Адайдың өр мен нәзік мінезі ұштасқан ару қызының қолынан балдай тәтті шәй ішіп, шәйдің дәмін келтірген құрт-ірімшік, балқаймағын жей отыра шығарған күйі шығар", - деді Құрманғазы оркестрінің бас дирижері.

Желі қолданушылары талантты күйшінің домбыра тарту өнерін жоғары бағалап, тәнті болғандарын жеткізді.

"Керемет орындау, көп рахмет, айналайын Абылай, сен қазақтың Карлос Клабересін, Құдай өміріңді ұзақ, саусақтарың шаршатпасын", "Тамаша орындау", "Абеке, Коронавирус деген күй шығып кететін шығар, арқаң ұстап кетіп", "Ризамын", - деді жас дирижердің тыңдармандары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар