RU

"Адамдар аз": Белгілі фотограф бос қалған Алматы көшелерін суретке түсірді

Белгілі фотограф Дмитрий Доценко төтенше жағдай мен карантин жарияланғаннан кейін бос қалған Алматы көшелерін суретке түсірді. Ол туындыларын әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Оңтүстік астананың қазіргі жағдайын фотоға түсірген жігіт жұмыстарын Instagram-дағы парақшасында жүктеп, әсерлі жазба қалдырды.

"Қаңырап қалған қаланы, соның ішінде Әл-Фараби, Барахолка, Шығыс айналма жолының бос қалған кезін көргенсіз бе?
Бүгін таңертең босап қалған қаламен серуендедім. Тамақ ішетін қоғамдық орындар жабық, адамдар аз, көліктер де көп емес. Бос көшелерді байқап, осы кадрларды жасадым.
Біреулер ауа тазарып, кептеліс жоқ деп қуанады. Ал мен, керісінше, шулы Алматыны, кептеліс, базарларымен қоса, кафе және көшелердегі үздіксіз қимылы үшін жақсы көремін. Қала тезірек бұрынғы қалпына келгенін қалаймын!" - деді Дмитрий Доценко.

Айта кетейік, 19 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Қос қаладағы сауда орталықтары, мейрамханалар мен көңіл көтеретін жерлер өз жұмысын тоқтатты.Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер енді сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Автобустар тек 21:00-ге дейін жүрмек.

22 наурыздан бастап, бұл қалаларға кіруге және шығуға болмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар