RU

Әзірбайжан президенті бір жылдық жалақысын коронавируспен күресуге бөлді

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің бір жылдық жалақысын коронавируспен күресу жұмыстарына бөлді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Әзірбайжан агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірбайжан президентінің табысы Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен құрылған коронавируспен күресуді қолдау қорына аударылады.

Қорға бастапқыда мемлекет басшысының резервтік қорынан 20 миллион манат бөлінген.

Одан бөлек, елдің барлық жеке және заңды тұлғалары қаржыны сонда аудара алады.

РИА Новости басылымының мәліметінше, Әзірбайжанда коронавирус инфекциясын 65 адам жұқтырған. Олардың бірі қауіпті індеттен көз жұмды.

Еске сала кетсек, Әзірбайжан астанасы Баку коронавирусқа байланысты жабылғанын жазған болатынбыз.

Билік режим бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Әзірбайжан министрлер кабинеті жанындағы оперативті штаб Бакуге, Сумгаит қаласы мен Апшерон ауданына кіруге шектеу қойылғанын хабарлады.

Үкімет сайтындағы хабарламада аталған шешімнің COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қабылданғаны айтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар