RU

Президент: Сары уайымға салынуға болмайды, басты тойларымыз әлі алда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын барынша сабыр сақтап, карантин ережелерін ұстануға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мемлекет басшысы кезекті үндеуін өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

"Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды.

Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда.

Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыздар